Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Футбол
azattyq-ruhy.kz
Бүгін, 11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ойынды кешкі сағат 21:00-де Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Екі құрама бүгінге дейін 8 рет кездескен. Оның 2-еуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, 4-еуінде Қазақстан басым түсті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді. FIFA рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орынға жайғасқан.
Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында өтетін ойында Қазақстан құрамасын алаңға Руслан Балтиев бастап шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы 7 маусымда Армениядан 1:2 есебімен жеңілген болатын.