Сербиялық бапкер Милич Чурчич «Тобыл» командасынан кетті
Футбол
KazFootball.kz
Чурчич қостанайлық клубпен келісімшартты тараптардың өзара келісімі бойынша бұзды, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Милич Чурчичке және оның штабына клубта атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіреді. Алдағы мансабында сәттілік тілейміз», - деп жазылған клубтың ресми сайтында.
43 жастағы жаттықтырушы «Тобыл» командасының тізгінін 2023 жылы ұстаған болатын. Чурчич қостанайлық ұжыммен бірге Қазақстан кубогының және Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.
«Тобылды» әзірге Нұрбол Жұмасқалиев жаттықтырады.