ҚФФ Лео Игитаға тәртіптік шара қолданады
Футзал
Vesti.kz
ҚФФ футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игитаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен «Қайрат» АФК-ның капитаны Лео Игитамен және өзге де алматылық ойыншылардың қатысуымен болған жағдай ұйымның тиісті заңды органымен қарастырылатынын мәлімдейді. Федерация мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауына, ойыншылар арасында этика мен кәсібиліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, сондай-ақ жанкүйерлер арасында мұндай оқиғалардың алдын алуға бар күшін салады. Барлық жағдайлар талданып, қажетті тәртіптік шаралар қабылданады», - деді ҚФФ.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» мен «Астана» командаларының эмблемасын таптаған Лео Игитаның басы дауға қалғанын жазған едік.