Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия кубогының күміс жүлдесін еншіледі

Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия кубогының күміс жүлдесін еншіледі
Спорттық ату

Olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогында Қазақстан құрамасының қоржыны бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде отандасымыз Ильфат Абдуллин күміс медаль иегері атанды. 

Абдуллин классикалық садақ атудан құрлық додасының финалына шығып, Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді. Осылайша ол маусымдағы маңызды жүлделердің біріне қол жеткізді. 

Одан бөлек, блоктық садақ атудан Андрей Тютюн Азия кубогында топ жарып, жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Ильфат Абдуллин бастаған Қазақстан құрамасы садақ атудан Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді.