Түркістандық спортшылар асық атудан ел чемпионы атанды

Түркістандық спортшылар асық атудан ел чемпионы атанды
Басқа

Астана қаласындағы «Aspan» спорт кешенінде Асық ату спортынан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионаты өтті.

Додаға еліміздің 17 өңірінен келген 132 спортшы қатысты. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеде ұлдар арасында Түркістан облысының ұландары ел чемпионы атанды.

Екінші орынды Алматы облысы алса, үшінші орынға Қызылорда облысының командасы жайғасты. Ал қыздар арасында Қызылорда облысының құрамасы 1-орын алса, жүлделі 2-орынға Түркістан облысынан келген команда ие болды. Атыраулық бұрымдылар 3-орынды иемденді.

Сайыстың марапаттау рәсіміне ҚР Асық ату федерациясының атқарушы директоры Азамат Манапов, Асық ату спортының негізін қалаушы Жомарт Сабыржанұлы, Асық атудан мемлекеттік жаттықтырушы Жомарт Оразов, ұлттық спорт жанашыры Серік Халеловтер қатысып, жүлделерді табыс етті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі