Олимпиадаға баратын дзюдошы Алматыда анықталады

Олимпиадаға баратын дзюдошы Алматыда анықталады
Дзюдо

Қазақстан дзюдо федерациясы

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қатысушысын анықтау мақсатында олимпиадалық рейтингте Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар арасында іріктеу белдесуін өткізетінін хабарлайды. 

«Іріктеу белдесулері ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында 7 маусым күні ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, Халықаралық дзюдо федерациясының және Халықаралық Олимпиада комтетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан әр салмақтан әр елден тек бір спортшы қатысады. Қазіргі таңда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық үш спортшы, атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұр», - делінген ресми хабараламада.