Әсет Амангелдинов: "WASL-де болу – мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік"

Әсет Амангелдинов:
Баскетбол

"Астана" баскетбол клубының ойыншысы Әсет Амангелдинов Батыс-Азия Суперлигасындағы ойындарының алдында өз ойымен бөлісті.

– Бірінші жаттығу керемет өтті, біз жаңа залды сынап көрдік. Біз қарсыластарды жан-жақты талдаймыз, олардың мықты және әлсіз жақтарын зерттейміз, алдағы ойындарға дайындықты жалғастырамыз. Катар мені өзінің заманауи сәулетімен таң қалдырды. Доха бізді қонақжайлылықпен қарсы алды, қала орталығы мен жергілікті сауда орталығына бардық. WASL-де болу – мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік.