Әмір Закиров брейкингтен әлем чемпионы атанды
Басқа
Брейкингтен Қазақстан құрамасының мүшесі Әмір Закиров әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан брейкингтен WFADS нұсқасы бойынша әлем чемпионатында топ жарды.
B-Boy Amir лақап атымен танылған спортшымыз ересектер арасында қарсылас шақ келтірмеді. Финалда жерлесіміз америкалық Мигель Анхель Росарионы (Bboy Gravety) жеңді.
Әмір Закиров былтыр Париж Олимпиадасына қатысып, ширек финалға дейін жеткен еді.