Қазақ спортшысы әлем Кубогы кезеңінде топ-20 қатарына кірді

Қазақ спортшысы әлем Кубогы кезеңінде топ-20 қатарына кірді
Қысқы спорт

Шерзод Хаширбаев / Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Қытайда фристайл-акробатикадан әлем Кубогы кезеңінің алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы сайыстың бірінші күнін медальсіз қорытындылады. Команда сапындағы үздік нәтижені Шерзод Хаширбаев тіркеді. Ол үздік 20 спортшының қатарынан көріне білді. 

Өзге спортшыларымыздың нәтижесі келесідей:

Ұланбәкір Өмірзақов - 23-орын;

Роман Иванов - 25-орын;

Дінмұхаммед Райымқұлов - 26-орын;

Асылхан Асан - 29-орын.

Ал әйелдер арасында ел намысын қорғаған Ардана Маханова 25-орынға табан тіреді. 

Әлем Кубогы кезеңінде спортшылар ақ Ойындарға жолдама жеңіп алу үшін рейтингілік ұпайларға таласады.