WASL: "Астана" клубының қарсыластары белгілі болды

WASL:
Баскетбол

"Астана" баскетбол клубы Дохадағы Батыс Азия Суперлигасының топтық кезеңіне қатысады және қазақстандық команданың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Біздің команда А тобында өнер көрсетеді. Қарсыластар Бейруттың "Әл-Рияди" және "СК Сагесси" клубтары және Бахрейннің "Әл Манама" командасы болады.


"Астана" баскетболшылары 26 мамырда "Әл-Риядиге" қарсы бастапқы матч өткізіп, келесі күні "Әл-Манама" клубымен ойнайды. Топтық кезеңді "СК Сагесси" клубымен болатын ойынмен аяқтайды. Ол матч 29 мамырда өтеді. Барлық ойындарды "Lucial Sport Arena" қабылдайды.