Түркістан облысында самбодан Азия чемпионатының жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды

Түркістан облысында самбодан Азия чемпионатының жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Жекпе-жек

Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің чемпионаты өтті.

Халықаралық жарысқа 25 елден 500-ге жуық спортшы қатысқан. Өз қарсыластарынан оза шыққан кентаулық спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Ақбота Қыдырәлі - 1 орын, Нұрбек Нұрбаев - 2 орын, Адина Абақова мен Нұрхан Жамалхан - 3 орынды иеленді.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларды құттықтау үшін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған зиялы қауым өкілдері мен спорт жанашырлары Ынтымақ алаңында жиналып, чемпиондарды қарсы алды.

Қаланың мәртебесін көтерген чемпиондарды қала әкімі құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

«Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің чемпионатындағы жеңістеріңіз құтты болсын.Алдағы уақытта да додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне береді деп сенемін. Еліміздің атын асқақтатып, Кентау қаласының мерейін үстем еткендеріңіз үшін өз атымнан және де қала халқы атынан алғысымды білдіремін», - деді қала әкімі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі