Шахмат олимпиадасы: Қазақстандықтар Франция құрамасынан басым түсті
Спортты дамыту дирекциясы
Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан шахматтан 45-ші Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы чемпиондық атаққа жақындап келеді. Бұл туралы Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Спортты дамыту дирекциясы атап өткендей, әйелдер сайысында қыздарымыз 8-турда турнир кестесінде шамалас тұрған Франциядан (2355, №13) 2,5-1,5 есебімен мықтылығын көрсетті. Онда Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман қарсыласынан басым түссе, Әмина Қайырбекова тең ойнады. Тек Меруерт Камалиденова жеңіліссіз келе жатқан Миллиет Софиеге шамасы жетпеді.
Енді алдағы 9-турда командамыз басты фавориттің бірі Польшамен жолығады. Егер қарсыластарынан басым түсіп жатса, чемпиондық атаққа қол жеткізуі мүмкін.
Әйелдер сайысындағы кесте (169 ел):
1️. Польша – 14 ұпай
2️. Үндістан – 14 ұпай
3️. Қазақстан – 14 ұпай
4️. АҚШ – 13 ұпай
5️. Армения – 13 ұпай
Ал ерлер арасында біздің шахматшылар Бангладеш құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетсе, Денис Махнев пен Алдияр Аңсат тең түсті.