Футзал: Біржан Оразов Жаңа Зеландияға қарсы ойынға қатыспайды

Футзал: Біржан Оразов Жаңа Зеландияға қарсы ойынға қатыспайды
Футзал

ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов 2024 жылғы әлем чемпионаты аясында өтетін Жаңа Зеландияға қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Bassport.kz Kazfootball.kz-ке сілтеме жасап. 

Дереккөз бойынша, Оразовта жарақат бар және ұлттық құраманың бапкерлер штабы тәуекелге бармай ойыншыны плей-офф кезеңіне дейін шығармауды жөн санайды.

Айта кетейік, Жаңа Зеландиямен матч 21 қыркүйек күні, 17:30-да басталады.