Асу Алмабаев UFC титулына қашан таласа алады - Нұрбек Қарабала жауап берді

Асу Алмабаев UFC титулына қашан таласа алады - Нұрбек Қарабала жауап берді
Жекпе-жек

Vesti.kz

Naiza FC промоушенінің басшысы Нұрбек Қарабала қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың UFC титулына қай кезде таласа алатынын тілге тиек етті, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Егер Асу Николауды жеңсе, ол рейтингіде 7-орынға көтеріледі. Бұдан кейін ол үшінші нөмірлі спортымен жекпе-жек өткізе алады. Егер бесінші айқасы сәтті өтсе, үздік үштікке кіреді. 2025 жылдың аяқ жағына қарай Асу титулға біртабан жақындай түседі», - деді Нұрбек Taspanews.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 20 қазанда UFC Vegas 99 турнирінде Асу бразилиялық файтер Маттеус Николауға қарсы жекпе-жек өткізеді.