ҚФФ қарсыласын балағаттаған ойыншы мен бапкерді қуып жіберді

ҚФФ қарсыласын балағаттаған ойыншы мен бапкерді қуып жіберді
Футзал

2024 жылы 11 сәуірде Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті. Жиналыс барысында біршама шешім қабылданды, деп жазады Bassport.kz. 

«Рахмет» пен «Каспий» командалары арасындағы футзалдан ел чемпионатында қауіпті ойын көрсетіп, ойын тоқтатылғаннан кейін қарсыласының тамағынан ұстап, балағат сөз айтып спортқа жат әрекеті үшін «Каспий» ФК ойыншысы Ербол Жұмаханов 7 (жеті) ойыннан шеттетілді.

Қабылданған шешім 2024 жылдың 30 наурызынан бастап күшіне енді.

Сондай-ақ, футзалдан ел чемпионатында бапкер де ойыннан қуылды. 

Матчтың ресми өкілдеріне спортқа жат әрекет көрсетіп, балағат сөз айтқаны үшін  «Астана» командасының бапкері Хайрушева Б.Ж 4 (төрт) ойынға шеттетілді.

Қабылданған шешім 2024 жылдың 8 сәуірінен бастап күшіне енді. «Астана» МФК-ға ДР №1 қосымшасына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Айыппұл 2024 жылдың 11 мамырына дейін төленуі тиіс.