Әйелдер боксынан Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар анықталды

Әйелдер боксынан Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар анықталды
Бокс

Астанада бокстан спаррингтік турнир аяқталды. Аталған бәсекеде әйелдер арасында үш салмақта лицензиялық сынға қатысатын боксшылар анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

54 келіде  Таиландтағы лицензиялық жарысқа Ұлжан Сәрсенбек қатысады. Ол  финалда Сымбат Әлиасқарды жеңді. 

66 келіде Наталья Богдановаға тең келер адам табылған жоқ. Ол осымен үшінші лицензиялық жарысқа қатысып, Париж жолдамасын уысқа түсіруге тырысады. 


75 келі салмақта команда үздігі Валентина Хальзова өз мықтылығын дәлелдеді. Гүлсая Ержан финалда айтарлықтай қарсылық танытқан жоқ. 

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК