Аз уақытта салмақ ауыстырған Дулат Бекбауов финалда жеңіліп қалды

Аз уақытта салмақ ауыстырған Дулат Бекбауов финалда жеңіліп  қалды
Бокс

Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде 63,5 келі салмақтағы жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жақында ғана олимпиадалық салмаққа ауысатынын айтқан Бекбауов финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлынан таза жеңілді. 

Кездесу барысында Дулаттың жылдамдық жағынан ақсағаны бірден байқалды. 

63,5 келінің өз өкілі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Дулатқа еш мүмкіндік қалдырмай, Таиландтағы лицензиялық жарысқа бару құқығын жеңіп алды. 

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК