Әйелдер боксы: Екі салмақтағы финалистер кімдер

Әйелдер боксы: Екі салмақтағы финалистер кімдер
Бокс

Бокстан Астанада өтіп жатқан лицензиялық жарысқа іріктеу турнирінің жартылай финалдық кездесулері аяқталды, деп жазады Bassport.kz.

54 келіде Ұлжан Сәрсенбек пен Сымбат Әлиасқар жұдырықтасады. 

Ұлжан Жайна Шекербекованы, Сымбат Анель Сақышты жеңді. 

66 келіде Наталья Богданова мен Жасмин Кизатова кездеседі. 

Богданова Милана Сафронованы, Қизатова Лаура Есенгелдіні ұтты. 

75 келіде Гүлсая Ержан мен Валентина Хальзова өзара мықтыны анықтайды. 

Гүлсая Ержан жартылай финалда Жібек Жарасқызынан басым түсті. 

Фото: Сали Сабиров