Ертең - финал: Богданова қарсыластарын қоғадай жапырып келеді

Ертең - финал: Богданова қарсыластарын қоғадай жапырып келеді
Бокс

Бокстан Астанада өтіп жатқан іріктеу турнирінде 66 келі салмақтағы алғашқы финалист есімі белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданова тәжірибелі Милана Сафронованы жарыс жолынан шығарды.

32 жастағы Сафронова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанына қарамастан, жас әрі нағыз бабында тұрған Богдановаға қарсылық көрсете алмады.

Наталья Богданова ертең финалдық жекпе-жекте өнер көрсетеді.

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі