Михаил Шайдоров әлемдік рейтингідегі орнын жақсартты

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингідегі орнын жақсартты
Қысқы спорт

olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының өкілі Михаил Шайдоров әлемдік рейтингіде көтерілді. Bassport.kz бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үздіктер тізімі жаңарғаннан кейін спортшы 13-орыннан 11-орынға көтерілген. Бұған оның жуырда Астанада өткен Денис Тен мемориалындағы жеңісі сеп болды. Алтын жүлде оған 300 ұпай әкелді. Рейтинг көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Екінші орынға франциялық Сяо Хим Фа жайғасқан. Үшінші орында Као Миура тұр.