Павел Колмаков күміс медаль жеңіп алды

Павел Колмаков күміс медаль жеңіп алды
Қысқы спорт

Қазақстандық спортшы Павел Колмаков Алматыда фристайл-могулдан өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Отандасымыз параллельді могул сайысында екінші нәтиже көрсетті. Павел Колмаков тек канадалық Микаэль Кингсбериге жол берді. 

Кеше жарыстың алғашқы күнінде Павел Колмаков жекелей жарыста 72.53 ұпаймен алтыншы орын алған еді. Ал қыздар арасындағы бәсекеде финалда өнер көрсеткен Юлия Галышева 68.58 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтаған.