Әлем кубогында ел намысын қорғауға дайынбыз - Круглыхина
ҚР ҰОК
Фристайл-могулдан Қазақстан командасының бас бапкері Елена Круглыхина Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде өтетін әлем кубогы кезеңінің қарсаңында спортшылардың дайындығы туралы айтты, деп жазады BasSport.kz.
Әлемдік жарыс 8-10 наурыз аралығына жоспарланған. Аталған бәсекеге Қазақстан командасының көшбашылары түгел қатысады. Сондай-ақ, жас спортшылар да өз бағын сынап көрмек.
Әйелдер: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әміренова, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова.
Ерлер: Павел Колмаков, Антон Бондарев, Максим Емельянов, Федор Бугаков, Денис Раструба, Семен Русаков.
Бас бапкердің сөзінше, елімізде өтетін әлемдік жарысқа команда толығымен дайын. Сондай-ақ, жарақат алған команда көшбасшылары біртіндеп бабына енуде.
Өз жеріміздегі әлем кубогы кезеңіне жақсы дайындық жүргіздік. Кейбір спортшыларымыз әлі де жарақатынан соң қалпына келіп жатыр. Басты мақсатымыз – жанкүйерлерді жеңіспен қуантып, шоу көрсету. Себебі, спорт дегеніміз – тұнған эмоция. Ел намысын абыроймен қорғасақ деген ойдамыз, - деді Круглыхина.
Айта кетелік, могулшылар додасы 8-9 наурызда өтсе, шаңғы акробатикасының өкілдері 10 наурызда жарыс жолына шығады.