Черчесов Қазақстан құрамасынан кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды (ВИДЕО)
Футбол
ҚФФ
Станислав Черчесов өзінің Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен ресми түрде әлі босатылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ресейлік маман Матч ТВ-ге берген сұхбатында жағдайға қатысты пікір білдірді:
“Құжаттық мәселелер әлі шешілген жоқ, сондықтан қызметтен кету туралы ресми айтуға әлі ерте. Қазір келісімшартты бұзу процесі жүріп жатыр, алдағы күндері бәрі белгілі болады” деп мәлімдеді Черчесов.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы тараптардың өзара келісімі бойынша Черчесов пен оның жаттықтырушылар штабы қызметтен кеткені туралы хабарлаған еді.