Дорни Ромеро “Актөбеден” кетіп, Боливия чемпионатына оралды
Футбол
ФК “Ақтөбе”
“Ақтөбенің” доминикандық шабуылшысы Дорни Ромеро Боливияның “Боливар” клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz.
27 жастағы форвард 2024 жылдың наурызында “Олвэйс Реди” клубынан “қызыл-ақтардың” қатарына қосылған болатын. Қазақстандық команда сапында ол 31 матч өткізіп, 6 гол және 4 нәтижелі пастың авторы атанды.
Осылайша, Ромеро Боливия чемпионатына қайта оралып, енді “Боливар” намысын қорғайтын болады.