Астанада шорт-тректен Қазақстанның іріктеу чемпионаты басталды

Астанада шорт-тректен Қазақстанның іріктеу чемпионаты басталды
Қысқы спорт

ҰОК

Бүгін, 2 қазанда Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды. Bassport.kz бұл туралы ҰОК-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Республикалық турнир іріктеу мәртебесіне ие. Оның нәтижесі бойынша Қазақстанның жаңа маусымдағы құрамасы жасақталады. Оған жарыстар жеңімпаздары енетін болады. Сонымен бірге құрамаға уақыт және рейтингідегі орны бойынша үздік деп танылған спортшылар кіреді.