Су спортынан Азия чемпионаты сәтті басталды

Су спортынан Азия чемпионаты сәтті  басталды
Жүзу

Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппины) қаласында XI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

 Сары құрлықтың бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынады:

А тобы (18 жастан және жоғары),

В тобы (15-17 жас),

С тобы (14 жас және кіші).

Бүгін бірінші жарыс күнінде жүзу және суға секіру сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Отандық спортшылардың нәтижелері:

Жүзу, А тобы:

Аделаида Пчелинцева, 100 метрге брасс әдісімен жүзу — алтын

Ксения Игнатова, 50 метрге шалқалай жүзу - алтын

Диана Тасжанова, 200 метрге еркін әдіспен жүзу - күміс, 800 метрге еркін жүзу — қола

Әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс

Жүзу, В тобы:

Егор Попов, 50 метрге шалқалай жүзу — алтын

Арсен Қожахметов, 100 м брасс - күміс

София Абубакирова, 200 м кешенді жүзу - күміс, 50 м шалқалай жүзу - қола

Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, 3 метрлік тұғырдан синхронды секіру — күміс

Жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады.

2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.