Лев Черепанов ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Жүзу
Olympic.kz
Қазақстанның ашық суда жүзу командасының өкілі Лев Черепанов Гонконгта өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық жүзуде үшінші нәтиже көрсетті.
Айта кетсек, Азия чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Турнирде еліміздің атынан алты спортшы бақ сынауда.