"Байер" неміс командалары арасында жеңіліссіз серия бойынша рекордын орнатты

Футбол

Неміс бундеслигасының 23-ші турында "Майнц" клубын 2:1 жеңген леверкузендік "Байер" 2019-2020 жылдардағы "Бавария" жетістігінен асып түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.

"Бавария" сол кезде барлық турнирлерде қатарынан 32 матчта жеңілмеген еді. "Майнцпен" болған ойын "Байер" үшін биылғы маусымда жеңілмеген 33-ші кездесу болды.

Биылғы маусымда Хаби Алонсон жаттықтыратын "Байер" клубы 29 ойында жеңіске жетті және төрт рет тең түсті.  23 турдан кейін "Байер" Бундеслигада 61 ұпаймен көш бастап келеді. "Бавария" олардан 11 ұпай кем жинаған.

Әлемдік рекордқа жету үшін леверкузендік клуб қатарынан 10 ойында жеңілмеуі керек. Сонда ғана олар 43 ойында жеңілмей рекорд жасаған италиялық "Ювентуспен" теңеседі.