Мәнерлеп сырғанау: отандық спортшылар ірі жарыстан екі медаль жеңіп алды
Қысқы спорт
Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан Абу-Дабиде екі жүлде жеңіп алды, деп жазады Bassport.kz.
Абу-Даби қаласында (БАӘ) мәнерлеп сырғанаудан Abu Dhabi Classic Trophy-2024 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы София Фарафонова эстониялық Натали Лангербаурға есе жіберіп, 129.30 ұпаймен екінші орынға ие болды.
Тағы бір отандасымыз Анна Левковецке (127.79 ұпай) қола жүлде бұйырды. Сондай-ақ Нұрия Сүлеймен де төртінші орыннан көрінді.
Айта кетейік, аталмыш додаға 31 елден 9 спортшы қатысты.