«Астана» баскетбол клубына грекиялық бапкер келді

«Астана» баскетбол клубына грекиялық бапкер келді
Баскетбол

Грекиялық маман Фотиос Такианос «Астана» баскетбол клубының жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ол 1969 жылы 14 сәуір күні Салоникада дүниеге келген. Ойыншы ретінде Грециялық клубтар сапында өнер көрсетті. 1994 жылы Паокпен бірге Корача кубогының иегері атанды. Такианос бапкерлік мансабын 2004 жылы бапкердің көмекшісі ретінде бастады. Ең алғаш рет 2007 жылы Грекияның «Панорамасын» тізгіндеді.

Одан кейін Грецияда, Катарда, Кипрде және Косовода әртүрлі клубтардың тізгінін ұстады.

2021/22 жылғы  маусымда «Лариса» командасында жұмыс істей отырып, Греция чемпионатының жартылай финалына дейін жетті және плей-офф кезеңінде Еуролига қатысушысы «Панатинаикосты» екі рет жеңіп, лигада жыл жаттықтырушысы атанды.

Маман соңғы рет 2023 жылдың ақпан айынан бастап ПАОК клубын жаттықтырды.