Ақмарал Науатбек Германияда топ жарды

Ақмарал Науатбек Германияда топ жарды
Дзюдо

 Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өтіп жатқан Grand Prix турнирінде Қазақстан қоржынына қос жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, аталмыш жарыста ел намысын 13 ер, 6 әйел спортшы қорғауда.

Бәсекенің бірінші күні Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.

Тағы бір қазақстандық Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Ақмарал Науатбек бұған дейін 2022 жылы парадзюдодан әлем чемпионы атанған.