Алонсо Месси мен Роналдудың қайсысы үздік екенін атады

Алонсо Месси мен Роналдудың қайсысы үздік екенін атады
Футбол

kp.ru

Леверкузеннің «Байер» клубының бас бапкері Хаби Алонсо аргентиналық Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналду арасында үздігін атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Испаниялық маманның сөзіне қарағанда, екі футболшы да мықты, дегенмен ол Роналдуға басымдық береді.

Месси мен Роналду – ұлы футболшылар. Бірақ мен үшін Криштиану – үздік, - деді Алонсо.

Айта кетейік, Алонсо кезінде Роналдумен бірге Мадридтің «Реалында» ойнаған. Қазір португалиялық Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайды. Ал Месси 2023 жылғы жаздан бері «Интер Майамидің» намысын қорғайды.