Әлем чемпионаты: қазақ конькишілері бірден екі медальға қол жеткізді

Әлем чемпионаты: қазақ конькишілері бірден екі медальға қол жеткізді
Қысқы спорт

Жапонияның Хатонихе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Командалық із кесу жарысында  Кристина Шумекова, Мария Деген және Алина Шумекова үштігі қола жүлдегер атанды.

Алғашқы екі орында Жапония мен Нидерланд құрамалары еншілеген. 

Араға аз уақыт салып  Кристина Шумекова, Дарья Гаврилова, Алина Шумековадан құралған Қазақстан командасы спринттен күміс медаль еншіледі.

Бұл жолы біздің спортшылар Нидерланд құрамасына ғана жол берген. Үздік үштікті Канада тұйықтады.