Денис Теннің бапкері өмірден өтті

Денис Теннің бапкері өмірден өтті
Қысқы спорт

instagram/denisten_official

9 маусымда 85 жасында мәнерлеп сырғанаудан атақты американдық бапкер Фрэнк Кэрролл қайтыс болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Білікті маман өзінің көпжылдық жаттықтырушылық мансабында оннан астам әлемдік мәнерлеп сырғанау шеберін дайындаған. Олардың арасында Олимпиада және әлем чемпионы Эван Лайсачек, бес дүркін әлем чемпионы Мишель Кван және екі дүркін әлем чемпионы Линда Фратианна бар.  Сондай-ақ Кэрролл қазақстандық спортшы Денис Теннің де жаттықтырушысы болған.

Фрэнк Кэрролл өмірінің 60 жылын мәнерлеп сырғанаушыларды даярлауға арнады.