Қытай қазағының UFC-дегі қарсыласы анықталды

Қытай қазағының UFC-дегі қарсыласы анықталды
Жекпе-жек

©instagram.com/maheshate_mma

Қытайдың атынан өнер көрсететін қазақ Мақсат Қайсар UFC-дегі жаңа қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды BasSport.kz.

27 сәуірде UFC Vegas-та ол мексикалық Габриэль Бенитеспен кездеседі. Айқас жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

Негізі Қайсар үндістандық Аншул Джублимен кездесуі керек еді, алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты. Ал оның орнын Бенитес басты.

Мақсаттың рекорды: ММА-де – 7-2, UFC-де – 1-2. Бенитестің рекорды: ММА-де – 23-11, UFC-де – 7-7.

Қайсар UFC-дегі алқашқы жекпе-жегінде америкалық Стив Гарсияны нокаутпен ұтқанымен, одан кейін екі рет жеңіліс тапты: алдымен 2022 жылғы желтоқсанда мексикалық Рафа Гарсияға есе жіберсе, 2023 жылғы мамырда ресейлік Вячеслав Борщевке шамасы жетпеді.