«Астананың» футболшысы Еуропаға аттанды

«Астананың» футболшысы Еуропаға аттанды
Футбол

«Астана» ФК

«Астананың» бұрынғы қорғаушысы Артем Рахманов карьерасын енді Еуропада жалғастырмақ, деп хабарлайды BasSport.kz.

33 жастағы ойыншы Бресттің «Динамосымен» келісімге келген. Ал келісімшарт мерзімі 2024 жылдың соңында аяқталады.

Айта кетейік, Рахманов «Астана» сапынан былтыр кеткен. Елордалықтармен бірге ол 2022 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Командада барлығы 14 матч өткізіп, нәтижелі паспен көзге түсті.

Бұған дейін Рахманов «Минск», «Славия», «Неман», «Ислочь» және «Рух» клубтарында ойнаған.