Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде жеңіліп қалды

Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде жеңіліп қалды
Теннис

17 жастағы қазақ теннисшісі Асылжан Арыстанбекова  жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде жеңіліп қалды, деп жазады Bassport.kz.

Ол Беларусь өкілі Юлия Перепихинамен жұптасын, ширек финалда ұлыбританиялықтар Ханна Клагмен – Мингге Сюймен шеберлік байқасты.

Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде ұлыбританиялық жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. 
Айта кетелік, жасөспірімдер арасындағы додада тағы бір қазақ теннисшісі Әмір Омарханов жекелей сында ширек финалға шықты.