Күміс қыз: Любовь Ковальчук - Ислам ойындарының үш дүркін жүлдегері

Күміс қыз: Любовь Ковальчук - Ислам ойындарының үш дүркін жүлдегері
Басқа

Нұрғали Жұмағазы

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Любовь Ковальчук Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін жүлдегері атанды, леп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үш рет күміс медаль иеленді. 

Алдымен Ковальчук жұлқа көтеруде екінші орын алды. Кейін ол серпе көтеруде 150 келіні еңсеріп, тағы да күміске қол жеткізді. Сондай-ақ Любовь қоссайыс қорытындысы бойынша 267 келімен күміс медаль жеңіп алды.