Семсерлесу: Қазақ спортшылары Бахрейндегі әлем кубогінде күміс медаль жеңіп алды

Семсерлесу: Қазақ спортшылары Бахрейндегі әлем кубогінде күміс медаль жеңіп алды
Семсерлесу

Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі кезеңінде қазақ спортшылары командалық сында күміс жүлдеге иелік етті, деп жазады Bassport.kz. 

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының мүшелері Богдан Лукир, Георгий Тинников, Ғабиден Мұстафин және Алесксей Касаткин финалда жарыс қожайындарына ғана есе жіберді. 

Аталған спортшылар былтыр да осындай нәтижемен қуантқан болатын.