Жалғас Жұмағұлов чемпионды жекпе-жекке шақырды
Жекпе-жек
Sports.ru
Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (15-9) жапон Хиромаса Огикубоны (26-8-2) жекпе-жекке шақырып, жауап алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жұмағұлов әлеуметтік желі арқылы Rizin Bantamweight Grand Prix чемпионын айқасқа шақырды. Огикубо бір кездері UFC-дің қазіргі чемпионы Александр Пантожаны ұтқан болатын.
Сенімен октагонды бөліскім келеді, - деп жазды Жұмағұлов Х-тегі парақшасында.
Огикубо да жауап беріп, айқасуға дайын екенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, UFC кеткен Жалғас желтоқсанда Naiza лигасында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жапон Масато Накамураны жеңген болатын.
Жерлесіміз ең танымал промоушенде жеті айқас өткізіп, соның біреуінде ғана жеңді, қалған алтауында қарсыласына есе жіберді.