UFC чемпионы белбеуін қоқысқа лақтырды
Жекпе-жек
UFC чемпионы, атышулы спортшы Шон Стрикленд әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.
ММА спортшысы джиу-джитсуден қара белбеуін қоқысқа лақтырып жатқанының видеосын салды.
Мына бір мата бөлшегін алу үшін 10 жыл уақытым кетті, - деп жазды Стрикленд.
Айта кетейік, бұған дейін Стрикленд джиу-джитсу әдістері ММА-де ешқандай пайда әкелмейтінін айтқан болатын.