Биатлоннан IBU кубогі: Вадим Куралес күміс медаль жеңіп алды

Биатлоннан IBU кубогі: Вадим Куралес күміс медаль жеңіп алды
Биатлон

Бүгін Италияның Риднаун қаласында өткен биатлоннан жасөспірімдер арасындағы  IBU кубогінде қазақстандық Вадим Куралес жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ерлер арасындағы он шақырымдық спринт бойынша Куралес мәреге екінші болып келді. 

Алтын медальді хорватиялық Матия Легович иеленсе, қоланы польшалық Марцин Завол еншіледі. 

Айта кетелік, бұл қазақстандық биатлоншылар үшін маусымның алғашқы медалі.