Али Ахмедов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Али Ахмедов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Бокс

Instagram @ali_akhmedov_officialpage

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов жартылай ауыр салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігі үшін шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Титулдық кездесу 25 шілде күні Алматыда өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Бұл кеште Али Ахмедов оңтүстікафрикалық боксшы Асемахле Веллемен қолғап түйістіреді. Қазіргі таңда қазақстандық спортшы WBA Asia чемпионы атанса, оның қарсыласы WBO Africa белдігінің иегері саналады.

Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың желтоқсан айында өткізіп, ганалық Делали Миледзиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын. Осылайша ол WBA Asia чемпиондық белдігін иеленді.

Ал Асемахле Веллем соңғы рет биыл мамыр айында шаршы алаңға көтеріліп, ганалық Принс Око Нартині мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Осылайша, 25 шілдеде Алматыда өтетін кездесу Али Ахмедовтың кәсіби мансабындағы ең маңызды жекпе-жектердің біріне айналмақ.