Конференция лигасы: «Тобыл» өз алаңында «Паневежиспен» қарымта кездесу өткізеді
Футбол
«Тобыл» футбол клубы
Бүгін, 30 шілдеде қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде литвалық «Паневежис» футбол клубымен ойнайды, деп хабарлады Bassport.kz.
Матч Қостанай қаласындағы «Тобыл Арена» стадионында өтеді.
Екі ұжым арасындағы алғашқы кездесу Литвада өтіп, қос команда тең тарқасқан. Литвалық клуб сапынан Сейдина Кейта 45-минутта гол соқса, 84-минутта «Тобыл» сапынан Неманя Цавнич таразы басын теңестірген болатын.
Айта кетейік, келесі кезеңге өткен команда үшінші іріктеу кезеңінде«Партизан» (Сербия) - «УНА Штрассен» (Люксембург) жұбының жеңімпазымен кездеседі.