Асу Алмабаевтың жекпе-жегіне қатысты жақсы жаңалық пайда болды

Асу Алмабаевтың жекпе-жегіне қатысты жақсы жаңалық пайда болды
Жекпе-жек

Dar Pro Team аралас жекпе-жек командасының бапкері Азиз Разыев өзінің шәкірті Асу Алмабаев жыл соңына дейін UFC-де екінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Асу бізді тағы бір турнирге бастап баруға дайын, оның қалыпқа келуіне қарап көреміз. Қытайда айқас өткізуге мүмкіндік берсе, тамаша болар еді, - деді бапкер «Вестник ММА» парақшасына берген сұхбатында. 

Қытайдағы UFC турнирі 9 желтоқсанға жоспарланған. 

Лигадағы өзінің алғашқы жекпе-жегін Асу Алмабаев биыл тамызда Нэшвиллде өткізіп, АҚШ-та тұратын ямайкалық Оде Осборнды қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Осыдан соң қазақстандық файтердің жарақат алғаны белгілі болды.