Эльжана Таниева Азия чемпионатындағы екінші алтынын жеңіп алды

Эльжана Таниева Азия чемпионатындағы екінші алтынын жеңіп алды
Гимнастика

Көркем гимнастикадан Ташкенттегі Азия чемпионатында Қазақстан командасының үздігі Эльжана Таниева, Айбота Ертайқызы бірінші алтынын иеленді, деп жазады Bassport.kz.

Жекелеген жаттығулар бойынша финалға шыққан Таниева шығыршық бағдарламасында топ жарса, Ертайқызы таспамен жаттығуда жеңіске жетті. 

Бұл Эльжана Таниеваның екінші алтыны. Кеше ол көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. 

Одан бөлек, топтық жаттығудан Қазақстан жасөспірімдер командасы көпсайыстан алтын медаль иеленді.