Қазақстандық семсерлесуші халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Қазақстандық семсерлесуші халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Семсерлесу

ҰОК

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының мүшесі Софья Актаева Өзбекстан астанасында өткен турнирде үздік үштікке енді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Отандық спортшы Ташкентте өткен Sattellite tournament жарысында рапира сынында қола жүлдегер атанды. Ол жекелей сында үздіктер қатарына енді.

Актаеваның жасы 16-да. Ол ересектер арасындағы аламанда тұңғыш рет жүлдегерлер қатарына еніп отыр.