Жәмила Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жәмила Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Азиада 2023
Күрес

kazakhstan_wrestling/Instagram

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық бойжеткен 76 келіге дейінгі салмақта финалда қырғызстандық Айпері Медетқызымен белдесті. Бұған дейін Жәмила әлем чемпионатында үш, Айпері екі мәрте жүлдегер атанған еді.

Биылғы әлем біріншілігінен кейін олимпиадалық салмаққа ауысқан Жәмила қарсыласына 4:7 есебімен жол берді. Сөйтіп күміс жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенованың Азия ойындарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.