Қазақстандық таеквондошы Азия ойындарында қол жүлде еншіледі

Қазақстандық таеквондошы Азия ойындарында қол жүлде еншіледі
Азиада 2023

olympic.kz

Жансель Дениз Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына кезекті қола жүлде түсті. Бұл жолы таеквондошы аруымыз үздік үштіктің қатарына енді.

+67 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Жансель жартылай финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Ли Да Биннен жеңіліп, Азиаданың қола жүлдесін еншіледі.