Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы топта көш бастады

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы топта көш бастады
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының екі матчынан соң 4-топта бірінші орында келеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстанның әйелдер құрамасы кеше сырт алаңда Арменияны 2:1 есебімен жеңіп, үш ұпайға иелік етті.

Осылайша екі турдан кейін құрамамыз төрт ұпаймен 4-топта көш басына жайғасты.

4-топтың турнирлік кестесі:

1. Қазақстан — 4 ұпай (2-1);

2. Израиль — 3 ұпай (5-0);

3. Эстония — 1 ұпай (0-5);

4. Армения — 0 ұпай (1-2);